Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны көбейді

Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны 2 миллионға жетті.

1791783
Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны көбейді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссариатының төрағасы Филипо Гранди Twitter-дегі парақшасында Ресей-Украина соғысы салдарынан 24 ақпаннан осы таңға дейін қоныс аударған босқындар жайлы мағлұмат берді. 

Гранди "Бүгін Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны 2 миллионға жетті" деп көрсетті. 

БҰҰ-ның санақтарына қарағанда украиналық босқындардың жартысынан көбі Польшаға барды. 

Польшадан кейін ретімен Венгрия, Словакия, Молдова, Румыния, Ресей, Беларусь және басқа Еуропа елдер орын алуда. 

 



Ұқсас жаңалықтар