Швеция жіберген әскери техника Украинаға жеткізілді

Швеция Бас штаб төрағасы Микаэль Байден мәлімдеме жасады.

1790879
Швеция жіберген әскери техника Украинаға жеткізілді

Швеция Бас штаб төрағасы Микаэль Байден өздері жіберген әскери қару-жарақ техникасының Украинаға ұласқанын атап көрсетті.

Елінің мемлекеттік телеарнасы SVT-ге мәлімдеме жасаған Байден 5 мың AT4 танкіге қарсы зеңбірек, 5 мың болат кеудеше, 5 мың әскери дулыға және 135 мың әскерге жететін дайын азық-түлікті Украинаға жеткізгендерін мәлімдеді.

Швеция Сыртқы істер министрі Энн Линде болса жеке Твиттер аккаунтынан Украина армиясына жіберген 50 миллион доллар қаржылай көмектің де өз орнына жеткізілгенін хабарлады.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар