5 миллион адам Украинадан кетеді

БҰҰ Ресей-Украина соғысы себепті 24 ақпан мен 6 наурыз арасында бір миллион 735 мың 68 босқынның Украинадан көршілеріне кеткенін білдірді.

1791079
5 миллион адам Украинадан кетеді

Еуропа Одағының (ЕО) Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель Ресей-Украина соғысы себепті 5 миллион кісінің Украинадан кетуі күтілгенін және бұған дайын тұру керектігін білдірді. 

Жозеп Боррель Францияның Монпелье қаласында ұйымдастырылған Еуропа Одағы Өркендеу министрлері жиналысы алдында Ресей-Украина соғысы жайлы мәлімдеме жасады.

Жиналыс күн тәртібі Украина жағдайы екенін айтқан Боррель бұл ахуал "Ауғанстан жағдайына ұқсап кеткенін", бір аптада 1.5 миллион украиналықтың көршілерін паналағанын хабарлады.

Сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссараты Ресей-Украина соғысы себепті 24 ақпан мен 6 наурыз арасында бір миллион 735 мың 68 босқынның Украинадан көршілеріне кеткенін білдірді.

Польшаға бір миллион 27 мың 603, Венгрияға 180 мың 163, Словакияға 128 мың 169, Молдавияға 82 мың 762, Румынияға 78 мың 977, Ресейге 53 мың 300, Беларусьқа 406 және басқа Еуропа елдеріне 183 мың  688 босқынның өткені жеткізілген мәлімдемеде осыларға қосымша Донецк және Луганск облыстарынан 18-23 ақпан арасында 96 мың адамның Ресейге өткені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар