Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны 1 миллионнан асты

БҰҰ 1 миллионнан астам босқынның Украинадан көрші елдерге өткенін мәлімдеді.

1788953
Украинадан көрші елдерге өткен босқын саны 1 миллионнан асты

Ресей-Украина соғысы салдарынан 1 миллионнан астам босқын Украинадан көрші елдерге өтті.

БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариаты (БҰҰ БЖКБ) Украинадағы босқын дағдарысы туралы әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бөлісті.

Бұған қарағанда 24 ақпан мен 2 наурыз күндері аралығында 1 миллионнан астам босқын Украинадан көрші елдерге өткен. Олардың жартысынан астамының Польшаға өткені атап көрсетілді.

Польшаға 505 мың 82, Венгрияға 139 мың 686, Молдоваға 97 мың 827, Словакияға 72 мың 200, Румынияға 51 мың 261, Ресейге 47 мың 800, Белоруссияға 357 және басқа да Еуропа елдеріне 88 мың 147 босқын өткен.

БҰҰ БЖКБ бұл көрсеткіштерге қосымша 18-23 ақпан күндері аралығында Донецк және Луганск аймақтарынан Ресейге 96 мың адамның өткенін хабарлады.

БҰҰ-ның босқындар жөніндегі комиссариаты Украинадағы жағдай одан әрі шиеленіскен жағдайда, 4 миллионға жуық бейбіт тұрғынның елден шығып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар