Бельгия Украинадағы елшілігін жапты

Елшіліктің кейбір жұмыстары Бельгияның Польшадағы елшілігі тарапынан жалғасқаны хабарланды.

1788514
Бельгия Украинадағы елшілігін жапты

Бельгия 24 ақпанда басталған Ресей-Украина соғысы себепті Украинадағы өкілетті елшілігін уақытша жапқанын хабарлады.

Бельгия Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Қауіпсіздік шарттарына байланысты Украинадағы өкілетті елшілті жабуға шешім қабылданды. Украинада тұрып жатқан бельгиялықтарға консулдық жәрдемдер жалғасады" деп көрсетілді.

Министрлік лауазымдылары Украинадағы өкілетті елшілік қызметкерлерінің Украинадан кеткенін білдірді.

Елшіліктің кейбір жұмыстары Бельгияның Польшадағы елшілігі тарапынан жалғасқаны хабарланды.

Консулдық қызметтерінің Украинаға көрші Польша, Словакия, Румыния және Молдавия консулдықтарынан берілетіні білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар