Украина үшін жедел көмек қоры қалыптастырылды

ДДCҰ 3,5 миллион долларлық төтенше жағдай қоры құрылғанын хабарлады.

1785280
Украина үшін жедел көмек қоры қалыптастырылды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДCҰ) Ресейдің әскери операциясы жалғасып жатқан Украинадағы қақтығыстардан зардап шеккен аймақтарды медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 3,5 миллион долларлық төтенше жағдай қоры құрылғанын хабарлады.

Ұйымның бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус Украинадағы шиеленістің күшеюіне қатты алаңдайтынын мәлімдеді. «Денсаулық сақтау жүйесі бейбіт тұрғындар үшін үздіксіз жұмыс істеуі керек» деді ол. Ол медициналық нысандар, әсіресе денсаулық сақтау мекемелері, медицина қызметкерлері мен науқастарды таситын көліктердің ешқашан нысанаға алынбауы керек екенін атап өтті.

«ДДСҰ ретінде біз мұндай оқиғаларды бақылауды және хабарлауды жалғастырамыз» дед ол.

Гебрейесус қақтығыс жалғасып жатқан аймақтарда гуманитарлық көмек тарататын қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

"Біз ДДСҰ-ның Төтенше жағдайдағы құтқару қорынан аймақты шұғыл қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 3,5 миллион доллар бөлдік” деді Гебрейесус.



Ұқсас жаңалықтар