"Украинада 74 инфрақұрылым базасы, 4 әуе көлігі күйретілді"

Ресей: "Украинада бір теңіз базасы және үш қолбасшылық орталығы, S-300 және Buk-M1 әуеден қорғаныс жүйесіне қарасты 8 радар станциясы шабуылда күйретілді" деп хабарлады.

1784734
"Украинада 74 инфрақұрылым базасы, 4 әуе көлігі күйретілді"

Украина Ресейдің шабуылдарында 40 сарбазының қаза тапқанын хабарлады.

Украина президентінің кеңесшісі таңертең басталған шабуылдарда 40 сарбаздың қаза тауып, ондағанының жараланғанын білдірді.

Украина Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде болса шабуылдарда 8 адамның қаза тауып, 9 адамның жараланғаны айтылды.

Украина Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «50 орыс басқыншысы өлтірілді, 7 орыс ұшағы атып түсірілді, 4 танкі жойылды» деп айтылды.

Басқа жақтан Ресей нысанаға алған аймақтардың бірі ел астанасы Киевте түскі уақытта жаңа жарылыс дауысы естілді.

Жергілікті уақыт бойынша 04:50-ден кейін Киевте, сондай-ақ Харьков, Краматорск, Мариуполь, Николайев және Одесса қалаларында қатарынан жарылыстар болды.

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Беларусь аймағынан еліне 4 балистикалық зымыран атылғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков та Донбасста орыс армиясының қолдауымен қарсы шабуыл басталғанын білдірді.

Украина армиясын жазғырған Игорь Конашенков:

"Украина армиясы Донбасстың бейбіт қалаларын бомбалауды жалғастыруда. Бейбіт халық шығындалуда Донецк пен Луганск Халық Республикалары орыс армиясының қолдауымен қарсы шабуыл бастады" деді.

Игорь Конашенков Ресейге қарасты Су-25 соғыс ұшағының ұшқыш қатесі себепті Украинада құлағанын хабарлады.

Игорь Конашенков Украинада 4 ұшқышсыз әуе көлігін атқандарын айтты.

Бір тікұшақты құлатқандарын айтқан Игорь Конашенков:

"Украинада 11 әуе базасын қамтыған Украина Қарулы күштерінің 74 инфрақұрылым базасы күйретілді" деді.

Игорь Конашенков Украина теңіз күштеріне қарасты бір теңіз базасы және үш қолбасшылық орталығы, S-300 және Buk-M1 әуеден қорғаныс жүйесіне қарасты 8 радар станциясы шабуылда күйретілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар