Столтенберг Ресейге тойтарыс беру керектігін айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг "Ресей Украинаға шабуыл жасады. Бұл аяусыз бір соғыс әрекеті" деді.

1784663
Столтенберг Ресейге тойтарыс беру керектігін айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің Украинаға әскери шабуыл жасауына орай одақтас ел лидерлерін ертең видео конференция арқылы өткізілетін жиналысқа шақырды. 

Столтенберг Солтүстік Атлант Кеңесі жиналысынан кейін жасаған мәлімдемесінде "Ресей Украинаға шабуыл жасады. Бұл аяусыз бір соғыс әрекеті" деді. 

Неше айдан бері жасалған ескертулердің босқа кеткенін түсіндірген Йенс Столтенберг "Құрлығымыздағы бейбітшілік бұзылды. Қазір Еуропада соғыс бар" деп көрсетті. 

Столтенберг Ресейдің Украинаға қарсы әуеден, құрлықтан шабуылдар жасағанын, зымыран қолданғанын, әскери базалар мен үлкен қала орталықтарын нысанаға алғанын айтты.  

Бас хатшы Столтенберг "Бұл қасақана, аяусыз және ұзақ уақыттан бері жоспарланған бір жаулау" деген сөздер қолданды. 

Ресейге тағы бір рет қарулы күштерін Украинадан шегеру және дипломатиялық жол таңдау жайлы үндеу тастаған Столтенберг сөзін былай жалғастырды: "НАТО-ның басты міндеті барлық одақтасын қорғау. Бір одақтасқа шабуыл жасалса, барлық одақтасқа шабуыл жасалды деген сөз".

Столтенберг соңғы аптада Шығыс Еуропада мыңдаған әскери жасақтарының болғанын, кем дегенде 100 соғыс ұшағы мен 120 соғыс кеменің дайын екенін айтты.

Столтенберг НАТО-ның диктатор режимдерге қарсы еркіндік пен демократияны қорғайтынын, Солтүстік Америка және Еуропаның табандылықпен тойтарыс беру керектігін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар