"Қырымның аннексиясын мойында" деді

Путин журналистерге мәлімдеме жасады.

1783321
"Қырымның аннексиясын мойында" деді

Ресей президенті Владимир Путин Украинадан арадағы проблеманың шешілуі үшін НАТО-ға кірудің орнына бейтарап мәртебені таңдауын және Қырымның аннексиясын мойындауын сұрады.

Путин журналистерге мәлімдеме жасады.

Ол 2014 жылы қол қойылған Минск келісімінің Украинаның келісімге бағынбауы салдарынан жарамсыз болып қалғанын алға тартты. Ол батыс елдерінің де осы процесте ықпалды рол ойнай алмағанын атап көрсетті.

Путин: «Сондықтан Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасын мойындаудан басқа амал қалмады. Иә, Минск келісімі енді жоқ. Біз республикаларды таныдық» деді.

Украинаның НАТО-ға мүшелігі жөнінде Путин «Батыс елдеріндегі әріптестеріміз үшін ең жақсы шешім - қазіргі Киев билігін НАТО-ға қосқаннан бас тарту, бейтараптыққа бағыну» деді.

«Украина қарым-қатынастарды жақсарту үшін Қырым мен Севастопольде өмір сүретін азаматтардың Ресейге қосылу шешімін мойындауы керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар