Испаниядағы орман өрті өршіп тұр

Испаниядағы орман өртінде 392 гектар орман алаңы күлге айналды.

1783839
Испаниядағы орман өрті өршіп тұр

Испанияның Каталония аймағындағы Росас қаласында шыққан орман өртінде кем дегенде 392 гектар орман алаңы  күлге айналды. 

Росас қаласының ауылды аймағында кеше түнде басталған және қатты соққан жел салдарынан орман өрті қаулауда. 

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 40 өрт сөндіруші көлік пен 5 ұшақ жұмылдырылды. 

Құтқарушылардың айтуынша, мамандардың жұмысына аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде. Қазір өттің нақсы себебі анықталып, одан келген шығын мөлшері есептеліп жатыр.

Өрт аймағында өмір сүрген 12 адам эвакуацияланды.Орман өрті қазір өршіп тұр. 

 



Ұқсас жаңалықтар