Украина Будапешт Меморандумының атқарылуын талап етті

Ұлыбритания, АҚШ және Ресей тарапынан қол қойылған 1994 Будапешт Меморандумы Украинаның қауіпсіздігі мен территория тұтастығын кепілдікке алған.

1782446
Украина Будапешт Меморандумының атқарылуын талап етті

Украина Будапешт Меморандумына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінен қауіпсіздігін қамдауды талап етті.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің талпынысымен қақтығысты бәсеңдету және Украинаның қауіпсіздігін қамдау қадамдарын кеңесу үшін Будапешт Меморандумының 6-шы бабы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүше елдердің ақылдасуын ресми талап еткенін білдірді.

Украинаның атомдық қарулардан тазаланғаннан кейін Ұлыбритания, АҚШ және Ресей тарапынан қол қойылған 1994 Будапешт Меморандумы Украинаның қауіпсіздігі мен территория тұтастығын кепілдікке алған.



Ұқсас жаңалықтар