Жапонияда қалың қар жауды

Жапонияда қалың қар салдарынан көлік қатынасы тоқтады.

1782072
Жапонияда қалың қар жауды

Хоккайдо және солтүстік-шығыс Тохоку аймағында кеше түннен бастап қалың қар жауды. Қар мен боран халықтың тұрмыс тіршілігіне болымсыз ықпал жасады. 

Қалың қар салдарынан Хоккайдо уәлаятында  134 ұшақ рейсі тоқтатылды. 

Жапония Метеорологиялық Агенттігі қар мен боранның сәрсенбі күні таңға дейін жалғасуы мүмкіндігін мәлімдеп, халықты аса қажет болмаса, үйден шықпауға шақырды. Өйткені бүгін тағы да қар борап қана қоймай, жолдарды көктайғақ басып, қауіпті жағдай қалыптасуы мүмкін.
Қардың қалыңдығы Нигата  уәлаятында 80 сантиметрге, Хоккайдо және Нагано уәлаяттарында болса 50 сантиметрге жетті. 

 



Ұқсас жаңалықтар