АҚШ YPG/PKK-лық террористтермен қарулы жаттығу бастады

АҚШ әскерлері Әбу-Хашеб шөлінде YPG/PKK-лық террористтермен бірлескен қарулы жаттығу өткізуде.

1781155
АҚШ YPG/PKK-лық террористтермен қарулы жаттығу бастады

Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға қарулы жаттығуларын жалғастырған АҚШ армиясы Дейр эз-Зор қаласының солтүстік батысында террор ұйымымен ортақ қарулы жаттығу өткізуде.

Жергілікті дереккөздерден алынған мәліметке қарағанда АҚШ әскерлері Әбу-Хашеб шөліндегі өнеркәсіптік аймақ пен айналасында YPG/PKK-лық террористтермен таңғы уақытта ортақ қарулы жаттығу бастады.

Бірлескен оқу-жаттығу әскери ұшақтар мен тікұшақтарға қоса, бірнеше танк пен броньды техниканың қатысуымен өтуде.

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция күштерінен кейбір сарбаздар да қатысқан жаттығуда террористтерге миномет, артиллериялық ату және басқарылатын танкке қарсы зымыран қолдану тақырыптарында жаттығу беріледі.

Желтоқсан айында АҚШ әскерлері Әбу-Хашеб шөлінде YPG/PKK-лық террористермен ортақ қарулы жаттығу өткізген болатын.

Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы құрылған коалиция құрамында орын алған АҚШ пен Франция Евфрат өзенінің шығысындағы Хасеке және Дейр эз-Зорда YPG/PKK-лық террористтерді бұрын да әртүрлі әскери оқу-жаттығудан өткізген болатын.

АҚШ пен коалиция күштері 2015 жылдан бері мыңдаған YPG/PKK-лық террористке қарулы жаттығу берді.



Ұқсас жаңалықтар