Йемен Сададағы көптеген аймақты алды

Йемен Сада уәлаятының Эс-Сафра ауданындағы кейбір стратегиялық аймақтарды хоуситтердің қолынан алды.

1779989
Йемен Сададағы көптеген аймақты алды

Йемен армиясы Иран қолдауындағы хоуситтердің қамалы Сада уәлаятындағы кейбір стратегиялық аймақтарды қайтарып алды.

Йемен армиясының баспасөз офисінен жасалған мәлімдемеде армия күштерінің елдің солтүстік батысындағы Сада уәлаятында хоусит сарбаздарға операция бастағаны білдірілді.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалицияның соғыс ұшақтары әуеден қолдау берген операциямен Сада уәлаятының Эс-Сафра ауданындағы кейбір стратегиялық аймақтарды хоуситтердің қолынан алды.

Йемен армиясының "September Net" парақшасындағы хабарда Сада уәлаятының Эс-Сафра ауданындағы кейбір стратегиялық аймақтарды қайтарып алу операциясында көптеген хоусит сарбаздардың өлтірілгені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар