Жапонияда құлаған F-15 ұшағы ұшқыштарының бірінің мәйіті табылды

Жапонияда 2 апта бұрын апатқа ұшыраған F-15 әскери ұшақтың ұшқышының бірінің мәйіті табылды.

1778014
Жапонияда құлаған F-15 ұшағы ұшқыштарының бірінің мәйіті табылды

Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері оқиға кезінде әскери ұшақта қызмет еткен ұшқыштардың бірінің мәйітінің табылғанын хабарлады.

Мәйіттің кім екенінің анықталғаны білдірілген мәлімдемеде ұшқыштың аты айтылмады. Екінші ұшқышты іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Апат кезінде экипаж ретінде F-15 ұшағында полковник Танака Кожи мен капитан Уэта Рюсейдің қызмет атқарғаны білдірілген болатын. Жойғыш ұшақтың тік тұрақтандырғышының үлкен бөлігінің теңіз түбінде анықталғаны атап көрсетілді.

Батыс жағалаудағы Исикава провинциясындағы Комацу әуе базасынан 31 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да көтерілген F15 әскери ұшағының «құтқару белгісін» бермей, бірнеше сағаттың ішінде құлағаны жарияланған еді.

Қорғаныс министрі Киши Нобуо «жалғыз апат» деп сипаттаған оқиғаның артынан F-15 әскери ұшақтарының ұшу бағдарламаларын тоқтатуды жоспарламағандарын атап, ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді күшейту туралы Жапонияның өзін-өзі қорғау күштеріне тапсырма берілгенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар