Қаңтар айында Йеменде  234 адам өлтірілді

Біріккен Ұлттар Ұйымы қаңтар айында Йеменде  234 адамның өлтірілгенін жариялады.

1776949
Қаңтар айында Йеменде  234 адам өлтірілді

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстар координация офисі Йемендегі қақтығыстарда қаза тапқандар жайлы бір рапорт жариялады. 

Рапортта қаңтарда Йеменде 234 адамның өлтірілгеніне және үш жылдан бері жалғасқан қақтығыстағы ең көп шығының болғанына назар аударды. 

Рапортта Йеменде қақтығыстардың жалғасуының және 2021 жылының соңғы тоқсанынан 2022 жылына дейін жағдайдың қиындасуымен көп адамның өлгені баяндалды. Рапортта сонымен қатар 2021 жылы орташа есеппен күніне 7 адам болып, жиыны 769 адамның өлгені және 1739 адамның жарақат алғаны баяндалды. 

Йеменде хоуситтер мен үкіметке қарасты күштер арасындағы қақтығыстар жалғасуда. 

Хоуситтер 2014 жылы қыркүйектен бері астана Сана және кейбір аймақтардың бақылауын қолға алса, Сауд Арабиясының басшылығындағы коалиция күштері 2015 наурыздан осы таңға дейін хоуситтерге қарсы Йемен үкіметіне қолдау беруде. 

 



Ұқсас жаңалықтар