Сомалидегі жанкешті шабуылда бір кісі қаза тапты

Могадишодағы Президенттік сарайдың маңында сайлаушыларды нысанаға алған жанкешті шабуыл жасалды.

1776490
Сомалидегі жанкешті шабуылда бір кісі қаза тапты

Сомалиде ұйымдастырылған бомбалы жанкешті шабуылда кемінде бір адам қаза тапты.

Полиция лауазымдысы Абдифатах Хасан жасаған мәлімдемесінде Сомалидің астанасы Могадишодағы Президенттік сарайдың маңына жанкешті шабуыл жасалғанын айтты. 

Хасан сайлаушылар отырған автокөлікті нысанаға алған шабуылда бір кісі қаза тапқанын, көптеген адамның жараланғанын хабарлады.

Жанкешті шабуылды ешкім мойнына алған жоқ. 

Сомалиде сайлау орталықтарында азаматтардың дауыс беруі кезінде кеше ұйымдастырылған зымыран шабуылында 4 кісі қаза тапқан болатын. 



Ұқсас жаңалықтар