Ағымдағы жылы 16 мың йемендік босқынға айналды

БҰҰ Халықаралық көші-қон ұйымы Йемендегі көші-қон мәселесі туралы есебін жариялады.

1776357
Ағымдағы жылы 16 мың йемендік босқынға айналды

2022 жылдың басынан бері қақтығыстар себепті шамамен 16 мың йемендіктің босқынға айналғаны жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) қарасты Халықаралық көші-қон ұйымы Йеменде жалғасып жатқан қақтығыстардан туындаған көші-қон мәселесі туралы есебін жариялады.

Есепте 2022 жылдың 1 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында 2 мың 638 отбасының көшуге мәжбүр болғаны айтылды.

Бұл отбасылардың жалпы санының 15 мың 828 адам екені және ең көп көштің Мариб, Эль-Худейде және Таиз қалаларында болғаны атап өтілді.

Ұйым желтоқсан айында жасаған мәлімдемеде елде 130 мыңнан астам иммигранттың гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін мәлімдеген боолатын.

Ұзақ уақыттан бері саяси тұрақсыздық үстемдік еткен Йемен шамамен 7 жыл бойы Иран қолдау берген хоуситтер мен үкіметке тәуелді күштер арасындағы қақтығыстарға сахна болуда.



Ұқсас жаңалықтар