Үндістандағы көшкінде 7 әскер қаза тапты

Премьер-министр Нарендра Моди: "Әскерлердің ұлтымызға көрсеткен өнегелі қызметтері әсте ұмытылмайды. Жақындарына көңіл аймамыз" деді.

1775926
Үндістандағы көшкінде 7 әскер қаза тапты

Үндістанның Аруначал-Прадеш уәлаятында жексенбі күні түскен қар көшкінінде 7 әскердің қаза тапқаны білдірілді. 

Үндістанның Аруначал-Прадеш уәлаятында Каменг өнеркәсібі өңірінде жексенбі күні қар көшкіні түскені, бақылаудағы әскердердің хабарсыз кеткені білдірілген болатын.

Аймақтағы іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде жоғалған 7 әскердің мәйіті табылғаны хабарланды. 

Лауазымдылар әскерлердің мәйітінің  аймақтан шығарылғанын білдірді.

Премьер-министр Нарендра Моди әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде:

"Аруначал-Прадеш уәлаятында жексенбі күні қар көшкіні түсуі салдарынан Үндістан армиясы қызметкерлерінің қаза тапқанына қатты қайғырдық. Ұлтымызға көрсеткен өнегелі қызметтері әсте ұмытылмайды. Жақындарына көңіл аймамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар