Нигерия электр қуаты үшін Жапониядан несие алады

Нигерия Энергетика министрі Абубакар Алию тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1775948
Нигерия электр қуаты үшін Жапониядан несие алады

Мұнайға бай Нигерияның электр қуаты мәселесін азайту мақсатты Жапониядан 200 миллион доллар несие алатыны атап көрсетілді.

Нигерия Энергетика министрі Абубакар Алию елдің Лагос және Огун штаттарында электр қуатын кеңейту бағдарламасын қолдау үшін Жапониядан 200 миллион доллар несие алынатынын мәлімдеді.

Алию бұл несие арқылы екі уәлаятта жоғары вольтты электр жеткізу желілері мен 6 дана жоғары вольтты қосалқы станса құрылатынын білдірді.

Африканың ең ірі шикі мұнай өндірушісі Нигерия 2022 жылы баррель басына шаққанда орташа 90 доллар бағамен күніне 3 миллион баррель шикі мұнай өндіруді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар