PKK мен Асад режимі арасында қақтығыс шықты

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда қақтығыста 2 бала, барлығы 3 бейбіт тұрғын қаза тапты.

1775351
PKK мен Асад режимі арасында қақтығыс шықты

Сирияда Дейр эз-Зордың оңтүстік шығысындағы Ашхара аймағында бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мен Асад режимі күштері арасында шыққан қақтығыста 3 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Ашхара аймағында Евфрат өзенінің шығыс жағалауынан батысына қарай контрабандалық жолмен жанармай тасымалдаған бір топ себепті сепаратист террор ұйымы YPG/PKK мен Асад режимі күштері арасында ауыр қақтығыс болды.

Террор ұйымы YPG/PKK Евфрат өзені арқылы Джурзи ауылынан Деблан ауылына мұнай контрабандасымен айналысқан топқа қарулы шабуыл жасады.

Аталмыш контрабандалық топ Асад режимінің бақылауындағы Деблан ауылына қашты.

YPG/PKK-ның осы топқа қаруларымен оқ атуының артынан режим күштері қарсылық беріп қақтығыс шықты.

Қарулы қақтығыс нәтижесінде Евфрат өзенінің батысында Асад режимінің бақылауындағы Деблан және Грейбе ауылдарында 2 бала, барлығы 3 бейбіт тұрғын қаза тапты

Түнде қақтығыстар күшейген кезде YPG/PKK басып алған Джурзи, Сүвейдан мен Эбу-Хардуб ауылдар және Асад режимінің бақылауындағы Деблан мен Грейба ауылдарынан ондаған отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.



Ұқсас жаңалықтар