Мексикада босқындарға килікті

Мексиканың Гватемала шекарасында қауіпсіздік күштері босқындарға килікті.

1773593
Мексикада босқындарға килікті

Мексиканың Гватемала шекарасына жақын бір аймақта қауіпсіздік күштері босқындарға килікті.

Босқын құқықтары белсенділері Гватемалаға жақын Тапачула қаласында көшелерде және босқын баспаналарында өтініштерінің қабылдануын күткендерге қауіпсіздік күштерінің киліккенін білдірді. Белсенділер көптеген босқынның елдеріне күштеп жолданғанына назар аударды.

Қаладағы босқын лагері орналасқан аймақтағы мексикалықтар да босқындарды автобустарға толтырып алып кеткендерін айтты.

Ұлттық Көш институтының жерлікті өкілі болса қауіпсіздік күштерінің босқындарға әрекетінің заңды және қажет екенін, аймақ тұрғындарынан шағым түскенін білдірді.

Мексика Ұлттық Көш институтының деректеріне қарағанда елде қаңтар айында қамауға алынған босқын саны былтырмен салыстырғанда 78 пайыз артты. Қамауға алынғандардың 15 пайызы 18 жастан кіші жастарды құрайды.



Ұқсас жаңалықтар