Едирнеде 16 босқын үсіп өлді

Едирненің Ипсала ауданында Грекия тарапынан кері қайтарылған 16 босқын суықтан үсіп өлді.

1772874
Едирнеде 16 босқын үсіп өлді

Едирненің Ипсала ауданында Грекия тарапынан кері қайтарылған және суықтан үсіп өлген босқын саны 16 кісіге жетті.

Ипсала ауданы Пашакөй ауылының Мандакону өңірінде кеше Грекия тарапынан кері қайтарылған 22 босқынның 12-сі үсіп өлген еді.

Аймақта жұмыс бастаған жандармерия, полиция және Апат және төтенше жағдайлар әкімшілігі топтары тағы 4 тұрақсыз босқынның мәйітін тапты.

Едирне уәлаятынан жасалған мәлімдемеде:

"Аймақтағы іздеу, құтқару шараларынан кейін 4 босқынның мәйіті табылды" деп жазылды.

Қызметкерлердің аймақтағы іздеу жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар