АҚШ Еуропаға 3 мың әскер жолдады

Джон Кирби: "Аталмыш жасақтар Украинада соғыспайды. НАТО одақтастарының қорғанысын қамдайды" деді.

1772499
АҚШ Еуропаға 3 мың әскер жолдады

АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы (Пентагон) Джон Кирби баспасөз жиналысында Румынияға мың, Германия мен Польшаға 2 мың, барлығы 3 мың әскерді Ресейге қарсы құқай көрсету мақсатымен жолдайтындарын айтты.

Аталмыш жасақтардың аймақта ортаға шығуы мүмкін жағдайлармен күресу үшін НАТО елдеріне қолдау беретінін тілге тиек еткен Джон Кирби:

"Аталмыш жасақтар Украинада соғыспайды. НАТО одақтастарының қорғанысын қамдайды" деді.

Джон Кирби сонымен бірге Франция президенті Эммануэль Макронның НАТО қолбасшылығында Румынияға әскери күш орналастыруды жоспарлағаны мәлімдемесі мен Испания, Дания, Голландия және Ұлыбританияның НАТО-ның шығыс қанатын күшейту мақсатымен  қосымша күш орналастыру тақырыбындағы бағаландыруларына ризалық көрсеткендерін білдірді.

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаны басып алу жайлы шешім жасап-жасамағанын білмейтіндеріне меңзеген Кирби қажет деп қаралса, НАТО елдерімен ақылдасып аймаққа тіпті көп әскер  жолдау мүмкін екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар