Польша Украинаға жәрдем беруге дайын

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Киевте украиндық әріптесі Денис Шмигалмен кездесті.

1771808
Польша Украинаға  жәрдем беруге дайын

Польша Украинаға қорғаныс саласында қолдау беруге дайын екенін жариялады.

Украинаға сапарлай барған Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Киевте украиндық әріптесі Денис Шмигалмен кездесті.

Матеуш Моравецки Денис Шмигалмен бірге ұйымдастырған баспасөз жиналысында энергия, қорғаныс және гуманитарлық жәрдем тақырыптарында Украинаға  қолдау беруге дайын екенін айтты.

Польшада 27 қаңтарда Украинаның территория тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғауға байланысты бір шешім қабылданғанын ескерткен польшалық премьер-министр  Украинаға зымыран, зеңбірекші қару-жарағы, ұшақсоғар зымыраны,  жеңіл зеңбірек оқтары, ұшқышсыз әуе көліктері және түрліше қорғаныс қарулары жәрдемін  жасайтындарын хабарлады. 

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Еуропа Одағы мүшелері арасында ұйымшылдықтың маңызына тоқталып,  тәуелсіз және демократиялық Украинаның бүкіл Еуропа елдеріне пайдалы еенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар