Еуроодақ Ресейдің шешімін айыптады

Ресей тарапынан Еуроодақ ұйымдары мен мүше елдерден "саны белгісіз" лауазымдыға саяхат шектемесі жасалғаны білдірілді.

1770080
Еуроодақ Ресейдің шешімін айыптады

Еуропа Одағы Еуроодақ және одаққа мүше елдердің кейбір лауазымдыларына елге кіру шектемесін жасаған Ресейге жауап қайтаратындарын хабарлады.

Еуропа Одағының Сыртқы істер және Қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Борреллдің офисінен жасалған мәлімдемеде Ресей тарапынан Еуроодақ ұйымдары мен мүше елдерден "саны белгісіз" лауазымдыға саяхат шектемесі жасалғаны білдірілді.

"Еуропа Одағы орыс ұйымдарының осы шешіміне қайғырады" делінген мәлімдемеде шешімнің заңдық негізі болмағаны білдірілді.

Одақтың мәлімдемесінде:

"Осы шешімге лайықты жауап беріледі. Ресей осы шешім арқылы дағдарысты бәсеңдеткеннің орнына Еуропада дағдарысты асқындыруда" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар