"Ресейге шабуыл жасалса, соғысқа қосыламыз"

Лукашенко Ресей мен АҚШ және НАТО арасында артқан әскери келіспеушілік туралы мәлімдеме жасады.

1769849
"Ресейге шабуыл жасалса, соғысқа қосыламыз"

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей егер шабуылға ұшыраса,  елінің соғысқа қатысатынын айтты.

Лукашенко Беларусь парламентінде сөйлеген сөзінде аймақта Ресей мен АҚШ және НАТО арасында артқан әскери келіспеушілік туралы мәлімдеме жасады. Лукашенко: «Украина жасырын саудаластыққа арқау болып отыр.  Украиналықтар қақтығыстың ортасына итермеленуде. Беларусьтер секілді бауырлас халықтарға қарсы жау ұстаным қалыптасып отыр» деді.

“Егер Беларуське тікелей шабуыл жасалса, әскери қақтығыс ықтималы шығады.  Екінші жағдайда одақтасымыз Ресейге тікелей шабуыл жасалса.  Беларусь осы соғысқа да қосылады» деді ол.

Лукашенко еліне шабуыл жасалған жағдайда «жүз мыңдаған» орыс әскерінің Беларуське келетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар