Лавров "Біз соғыс қаламаймыз" деді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Егер Ресеймен байланысты болса, онда соғыс болмайды" деді.

1769919
Лавров "Біз соғыс қаламаймыз" деді

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинамен соғысқысы келмегендерін білдіріп, "Егер Ресеймен байланысты болса, онда соғыс болмайды" деді. 

Лавров Ресей мемлекеттік радиосына берген сұхбатында Ресей мен Америка Құрама Штаттары арасындағы шиеленіске байланысты мәлімдеме жасады. 

Лавров қауіпсіздік ұсыныстары жайлы  АҚШ және НАТО-дан жазбаша  жауап алғандарына назар аударды.

Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысына байланысты Лавров "Жауап қайтарылды. Әскери жаттығулардың екі жақтың шекараларына ұзақ жерде өткізілуі, соғыс ұшақтары мен кемелердің  қашықтығы, қақтығыстар мен дағдарыстың азайтылуы және  сенімнің арттырылуымен байланысты алдын алуы шаралар тақырыбында ұсыныстарымыз бар. Бұлардың барлығы соңғы 2-3 жылда қыбылданбады. Қазір болса бұлардың қолға алынуы жөнінде ұсыныс жасаудамыз" деп көрсетті. 

Ресей және АҚШ пен НАТО арасында түрлі қауіпсіздік кепілдерімен байланысты ұсыныстар тақырыбында келіссөздердің аяқталмағанына назар аударған Лавров бірнеше апта ішінде бұл туралы Ресей мен АҚШ арасында кездесулер болатынын баяндады. 

Ресей мен Украина арасындағы соғыс ықтималына да тоқталған министр Лавров "Егер бұл Ресеймен байланысты болса соғыс болмайды. Біз соғыс қаламаймыз. Алайда мүдделеріміздің аяқ асты етілуіне де рұқсат бермейміз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар