Байден мен Зеленский телефонда сөйлесті

Байден Американың Украинаның территория тұтастығы мен егемендігіне қолдау беретінін білдірді.

1769574
Байден мен Зеленский телефонда сөйлесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда сөйлесті.

Бұл туралы Ақ Үй мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге қарағанда, Байден Ресей Украинаны басып алатын болса,  Америка Құрама Штаттарының серіктері және одақтастарымен бірге табанды қадам басуға дайын екенін тағы бір рет қайталады. Байден Американың Украинаның территория тұтастығы мен егемендігіне қолдау беретінін білдірді.

Байден Америка Құрама Штаттарының Украинаға былтыр жарты миллиард доллар даму және гуманитарлық көмек материалдарын бергенін еске салды. Ол Ресейдің әскер жинауы нәтижесінде экономикасы құлдыраған Украинаға көмек үшін макроэкономикалық қолдау жолдарын іздестіргенін білдірді.

Президент Байден елшілік қызметкерлерінің елден кеткеніне қарамастан, Америка Құрама Штаттарының Украинадағы елшілігінің ашық және жұмыс істеп тұрғанын атап көрсетті.

Украина президенті Зеленский де «Телефон әңгімесі көпке созылды. Шиеленісті азайту мақсатындағы дипломатиялық бастамаларды қолға алдық. Алдағы бірлескен қадамдар тақырыбында келістік.  Байденге әскери көмегі үшін алғыс айттым. Айырықша Украинаға қаржылай көмек тақырыбы қарастырылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар