Украина үшін қайтадан бас қосады

Нормандия форматын қалыптастырған елдердің басшыларының ақылшылары Парижде бас қосқан еді.

1769018
Украина үшін қайтадан бас қосады

Франция, Германия, Ресей және Украина лидерлерінің ақылшылары Украинадағы дағдарысқа байланысты екі аптадан кейін қайта бас қосады.

Нормандия форматын қалыптастырған елдердің басшыларының ақылшылары Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен Парижде бас қосқан еді.

Ақылшылар Минск келісімінің Нормандия форматының негізін қалағанын, атысты тоқтату бітіміне бағыну керектігін айтты.  Айырықша олар Минск келісімінің орындалуын жылдамдату үшін жұмыстарды арттыруға келісті.

Ақылшылар Украинадағы дағдарысқа байланысты екі аптадан кейін Германияның бас қаласы Берлинде қайтадан бас қосуға уағдаласты.



Ұқсас жаңалықтар