Террорлық ұйыммен байланысы бар компанияларға тыйым салынды

Лейпцигте болған сотта «MIR Multimedia» мен «Месопотамия» баспаханасының террорлық ұйыммен байланысы бар екеніне үкім берілді.

1768961
Террорлық ұйыммен байланысы бар компанияларға тыйым салынды

Германия Федералдық әкімшілік соты Ішкі істер министрлігінің сепаратистік террорлық ұйым PKK-мен байланысы бар «Месопотамия» баспаханасы және "MIR Multimedia" атты компаниясының істеріне тыйым салуын бекітті.

Лейпцигте болған сотта «MIR Multimedia» мен «Месопотамия» баспаханасының террорлық ұйыммен байланысы бар екеніне үкім берілді.  

Соттың үкімінде баспахананың коммерциялық істерінің террорлық ұйым үшін үгітнасихат материалын тарату екені және айырықша террорлық ұйымның Еуропадағы құрылымдары үшін қаржылай көмек жинау екені атап көрсетілді.

«MIR Multimedia» компаниясы болса террорлық ұйымның шараларына спонсор болғаны айтылды. Компанияның басшысының да террорлық ұйым PKK-ға мүше екені де білдірілді.

Германияның бұдан бұрынғы Ішкі істер министрі Хорст Шихофер 2019  жылдың ақпан айында аталмыш екі ұйымның істеріне тыйым салған болатын.

PKK террорлық ұйымы Германияда 1993 жылдан бері тыйым салынған террорлық ұйымдар тізіміне енген.



Ұқсас жаңалықтар