С. Корея тағы да зымыран сынады

Жапония үкіметі зымырандардың Жапон теңізіне келіп құлағанын хабарлады.

1769055
С. Корея тағы да зымыран сынады

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның екі зымыран сынағанын білдірді.

Оңтүстік Корея Бас штаб қолбасшылығы зымырандардың С. Кореяның шығысынан Жапон теңізіне қарай ұшырылғанын білдірді. Хабарламада «20 км биіктікте 190 км жылдамдықпен ұшқан зымырандардың баллистикалық болу ықтималы бар» деп айтылды.

Жапония үкіметі зымырандардың Жапон теңізіне келіп құлағанын хабарлады. Жапония премьер-министрі С. Кореяның әскери қимылдарын жақыннан бақылап отырғандарын айтты. Ол Пхеньян әкімшілігіне наразылық нотасы жолданғанын білдірді.

Киото агенттігі Солтүстік Кореяның 2022 жылдың басынан бері алтыншы рет зымыран ұшырғанын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар