Иранмен атомдық келіссөз тұйыққа тірелді
Иран 2015 жылғы атомдық келісімді жандандыру мақсатымен Австрияның астанасы Венада Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресей және Қытай елдерімен келіссөз өткізуде.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Иранмен жалғасқан атомдық келіссөздердің "қауіпті бір тұйыққа тірелгенін" айтты.
Лиз Трасс мәлімдемесінде келіссөздердің өте баяу екеніне меңзеді.
Ұлыбританияның одақтастарымен тығыз жұмыстанғанын айтқан Трасс:
"Келіссөздер қауіпті бір тұйыққа тірелуде. Иран енді бір келісім жасау немесе күйреуге жауапты болудан біреуін таңдауы керек" деді.
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Лиз Трасс атомдық келісім күйресе, барлық талғамның үстелге келетінін айтты.
Иран 2015 жылғы атомдық келісімді жандандыру мақсатымен Австрияның астанасы Венада Франция, Ұлыбритания, Германия, Ресей және Қытай елдерімен келіссөз өткізуде.
АҚШ келіссөзге жанамалай қатысуда.
Ұқсас жаңалықтар

Қытайда толассыз жауған жаңбыр жан алды
Толассыз жауған жаңбырда 4 адам қаза тауып, 4 адам із-түзсіз жоғалды.