Йемендегі дағдарыс ушығуда
Ханс Грундбер Йеменде ушыққан қақтығыстар жайлы ескерту жасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Йемен арнайы өкілі Ханс Грундбер Йеменде ушыққан қақтығыстар жайлы ескерту жасады.
Ханс Грундбердің жазбаша мәлімдемесінде "Йеменде дағдарыс барған сайын ушығуда. Бұл жағдай алаң туғызуда, қанды қақтығыстар елдің шекарасынан да асып барады" деген сөздер қолданды.
Йеменде қаңтар айында өте көп адамның көз жұмғанына назар аударған Грундбер: "Елдегі қақтығыстар гуманитарлық дағдарысты асқындырды. Аймақтық бейбітшілікке қауіп төнуде. Жәрдем талпыныстары қиындасты" деді.
БҰҰ-ның Йемен арнайы өкілі Ханс Грундбер "Елдегі дағдарысты доғаратын кең көлемді саяси диалог үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы барлық тараптармен байланыс жасап отыр" деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Ресей Франция мен Испания дипломаттарын қуды
Ресей 27 испандық және 41 француз дипломатты "Ұнатылмайтын адам" деп жариялады.