Гутерреш: "50 миллионнан астам адам соғыстардан зардап шегуде"

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі отырысында баяндама жасады.

1768647
Гутерреш: "50 миллионнан астам адам соғыстардан зардап шегуде"

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш қазіргі уақытта әлем бойынша елді мекендер мен қалалардағы қақтығыстардан 50 миллионнан астам адамның зардап шеккенін атап көрсетті.

Гутерреш қалалардағы қақтығыстардың қақ ортасында қалған бейбіт тұрғындарды қалай қорғау керектігі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі отырысының ашылу бағдарламасында сөйлеген сөзінде халық көп шоғырланған аймақтарда қару қолданысынан қаза тапқандардың 90 пайызының зорлық-зомбылықты тудыруда ешқандай рөл атқармағанын мәлімдеді.

Дүниенің түкпір-түкпіріндегі елді мекендер мен қалалардағы қақтығыстардан 50 миллионнан астам адамның зардап шеккеніне назар аударған Гутерреш бұл қақтығыстардың бейбіт тұрғындар үшін қысқа және ұзақ мерзімді жойқын шығын әкелетінін айтып, көптеген адамның өмір бойы мүгедектік және ауыр психологиялық травмаға душар болғанын атап көрсетті.

Гутерреш өткен жылы Газа секторында Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстар кезінде көптеген мектеп пен денсаулық сақтау мекемесінің зақымданғанын, 800 мыңға жуық адамның таза ауыз суынан мақұрым қалғанын білдірді.

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда мамыр айында бір мектептің алдында болған бомбалы шабуылда көпшілігі қыз бала 90 оқушының қаза тапқанын, 240 оқушының да жараланғанын еске салған Гутерреш «Қайғыру мен азапқа қоса мектептерге келген зиянның жанамалы түрде білім берудің бұзылуынан бастап ерте некеге тұру және қарулы топтардың қатарына қосылу ықтималын арттыруға дейін әсері бар» деді.

Гутерреш қалалық соғыстардың миллиондаған адамды баспанасыз қалдырып, ел көлемінде босқынға айналғандар санының артуына ықпал еткенін баса айтты.

Мүше мемлекеттерді болжалған әскери қылмыстарды мүмкіндігінше тергеуге және қудалауға саяси ерік-жігер танытуға шақырған Бас хатшы Гутерреш «Күрделі қылмыстар үшін жауапқа тарту маңызды» деді.



Ұқсас жаңалықтар