Эвакуацияланған ауғандар әлі виза ала алмай отыр

Олар Біріккен Араб Әмірліктерінде күтіп отыр.

1768537
Эвакуацияланған ауғандар әлі виза ала алмай отыр

Америка Құрама Штаттары әскерлері Ауғанстаннан кетіп бара жатқанда оларға көмек берген CIA координациясындағы ауғандар әлі күнге виза ала алмады.  Олар Біріккен Араб Әмірліктерінде күтіп отыр.

New York Times газетінің хабарына қарағанда, тамыз айында басталған эвакуация аяқталғанға дейін Ауғанстанда қалған және соңғы болып шыққан ауған жасақтары мен отбасылары әлі Америка Құрама Штаттарына жете алмаған.

Олар Біріккен Араб Әмірліктерінде бір босқын лагерінде визаларының шығуын күтіп отыр.

Америка Құрама Штаттары Талибан тамыз айында Ауғанстанда билікке келгеннен кейін 100 мыңнан астам Ауғанстан азаматын да эвакуациялап, осы елден кеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар