Судандағы ереуілдерде тағы 3 адам қаза тапты
Суданда болған әскери төңкеріс әрекетінен кейін басталған ереуілдерде тағы 3 адам қаза тапты.
Судан палаталар одағының үндеуімен астана Хартум және көптеген қалада мыңдаған адам көшеге шықты.
Полиция президенттік сарайына қарай өткен ереуілшілірге килігіп, көз жасаурататын газ шашты.
Дәрігерлер комитетінің мәлімдемесіне қарағанда Хартумдағы ереуілдерде қауіпсіздік күштері оқ атты. Оқиғада 3 адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, 25 қазанда Суданда төңкеріс болды. Әскери билікті басып алып, премьер-министр Абдалла Хамдук пен үкіметтің бірнеше мүшесін қамауға алды. Осыдан кейін Хартумда он мыңдаған азамат көшеге шығып, төңкеріске қарсылық көрсетті. Ереуілде 76 адам қаза тапқан еді.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.