Ресей-Украина дағдарысы жайлы жиналыс өтті

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, АҚШ және Еуропа лидерлері видео конференция арқылы Ресей-Украина мәселесіне шешім қарастырды.

1767942
Ресей-Украина дағдарысы жайлы жиналыс өтті

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг, Америка Құрама Штаттары мен Еуропа лидерлері видео конференция арқылы Ресей-Украина дағдарысын талқылады.

Кездесуде Ресейдің Украинаға шабуылшы әрекетінің ауыр нәтижесі болатынына келісіп, дипломатиялық талпыныстың жалғасуы керектігі білдірілді.

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Столтенберг:

"Табысты кездесу өткіздік. Ресей одан әрі кетсе, салдары ауыр болады" деді.

Ақ Үйден жасалған мәлімдемеде дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу баршаның тілегі екені білдірілді.

Германия мен Францияның мәлімдемесінде дипломатиялық талпынысты жалғастыру керектігі айтылып, Нормандия форматындағы жиналыстардың өткізілуі дәріптелді.



Ұқсас жаңалықтар