Қалың қардан босқындардың шатырлары құлады
БҰҰ ел-жұртынан кеткен сириялықтардың қақаған аязда қиын жағдайда қалғанын білдірді.

Сирияның солтүстік батысында мыңға жуық шатыр қардан құлады. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.
БҰҰ ел-жұртынан кеткен сириялықтардың қақаған аязда қиын жағдайда қалғанын білдірді.
Сирия аймақтық гуманитарлық координаторының орынбасары Марк Гуттс видеоконференция арқылы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Ол елдің солтүстік батысында ауа райының салқындауына байланысты шатырларда тұратын сириялықтардың жағдайының қиындағанын айтты.
Қалың қардан мың шатыр құлағанын айтқан Гуттс салқын ауаның 250 мың сириялыққа әсер еткенін білдірді. Ол гуманитарлық көмек қызметкерлерінің адамдарды құлаған шатыр астынан шығарғанын, көптеген азаматтың шатырлардағы қарлы қолымен тазалауға тырысқанын атапп көрсетті.
Оның айтуынша, балалардың қыстық аяқкиімі жоқ. Сирия үшін қажетті 4 миллиард доллар көмек фондының тек 45 пайызы ғана жиналған.