Иран АҚШ-пен келіссөзге дайын

Хүсейін Амир-Абдуллахиан ядролық келіссөзде келісімге келу үшін Америка Құрама Штаттарымен кездесуге болатынын айтты.

1767769
Иран АҚШ-пен келіссөзге дайын

Иранның Сыртқы істер министрі Хүсейін Амир-Абдуллахиан ядролық келіссөзде келісімге келу үшін Америка Құрама Штаттарымен кездесуге болатынын айтты.

Абдуллахиан Тегеранда Сыртқы істер министрлігіне қарасты Халықаралық Саясат зерттеулері орталығы ұйымдастырған «Иран және көршілер» конференциясында сөз сөйледі. Ол Америка Құрама Штаттарының түрлі каналдар арқылы тікелей келіссөз үшін Иранға хабар жолдағанын айтты. «Келіссөз процесінде жоғары кепілдікті қамдайтын жақсы келісім жасалатын болса мұны қолдан жіберіп алмаймыз» деді ол.

Сыртқы істер министрі ядролық келіссөзде маңызды шешімдерді қабылдауды қажет ететін жағдайға келгендерін және сондықтан ауқымды жиналыс өткізетіндерін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар