Иракта Мәжіліс төрағалығы сайлауына қарсы өтініш қабылданбады

Ирактың Жоғарғы федералдық соты Мәжіліс төрағасы сайлауының заңсыз екендігі туралы өтінішті қабылдамады.

1768024
Иракта Мәжіліс төрағалығы сайлауына қарсы өтініш қабылданбады

Ирактың Жоғарғы федералдық соты 9 қаңтар күні өткен Мәжіліс төрағасы сайлауының заңсыз екендігі туралы өтінішті қабылдамады.

Мәжіліс төрағасы сайлауы заңды емес деген уәжімен берілген өтініш бас қала Бағдаттағы Жоғарғы Федералдық Сотта екінші рет талқыланды.

Сот отырысында өтініш бірауыздан кері қайтарылып және сайлаудың заңды түрде өткені жөнінде шешім қабылданды.

Ирак Жоғарғы федералды соты аталмыш өтінішті 6 күн бұрын кейінге қалдырған болатын. Иракта 10 қазан күні ерте жалпы сайлау өткен еді.



Ұқсас жаңалықтар