Буркина-Фасода президент міндетінен кетті

Ел билігін әскери хунта алды.

1767741
Буркина-Фасода президент міндетінен кетті

Буркина-Фасода әскерлер кепілге алған президент Рох Кристиан Каборе отставкаға кетті.

Каборе өз қолымен елде құрылған жаңа хунта әкімшілігіне хат жазды. Ол жексенбі күнінен бері елде болып жатқан оқиғалардан кейін халықтың тыныштығы үшін міндетінен кеткенін айтты.

Каборенің хаты әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Елде жексенбі күні басталған әскери қозғалыстан кейін кеше өздерін «Азаттық және қайта құру үшін Отансүйгіштер қозғалысы» деп атаған хунта билікті қолына алғанын хабарлаған болатын.

Хунта атазаңның ісінің тоқтатылғанын,  үкімет пен мәжілістің таратылғанын, түннен бастап әуе және құрлық шекарасының екінші бұйрыққа дейін жабық болатынын білдірді.  Елде сағат 21-ден таңғы 5-ке дейін көшеге шығуға тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар