АҚШ 8 мың 500 сарбазын дайындағанын мәлімдеді

АҚШ НАТО-ның шығыс аймағын нығайту үшін әскер дайындау жоспарын іске қосты.

1767759
АҚШ 8 мың 500 сарбазын дайындағанын мәлімдеді

Ресейдің Украина шекарасында әскери күштерін арттыруына байланысты шиеленіс күшейіп жатқандықтан, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) НАТО-ның шығыс аймағын нығайту үшін жоспарын әзірлеп жатыр.

Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) баспасөз хатшысы Джон Кирби аталмыш дағдарыста күтпеген өзгерістерге қарсы НАТО-ның тойтару күшін іске қосқан жағдайда қолдау көрсету үшін 8 мың 500 сарбазды дайындағандарын мәлімдеді.

Күнделікті баспасөз мәслихатында Ресейдің Украина шекарасында шиеленісті арттырғанын атап көрсеткен Кирби «Президенттің (Джо Байден) нұсқауы бойынша және министр Остиннің ұсынысымен АҚШ ел көлемі мен шетелде әскерлерінің дайын болуы үшін шаралар қабылдады. Осы орайда жұмылдырылған жағдайда НАТО-ның тойтару күштеріне қолдау мақсатты бірқатар күтпеген жағдайларға қарсы жауап қайтаруға дайын» деді.

Кирби бұл сатыда 8 мың 500 сарбаздың дайындалғанын және бұл сарбаздардың тек НАТО-ның тойтару күштері іске қосылған жағдайда жіберілетінін атап, бұл жөнінде ешқандай шешім қабылданбағанын атап көрсетті.

Баспасөз хатшысы Кирби бұл сарбаздарды АҚШ-тан немесе басқа аймақтардан да жіберуге болатынын мәлімдеді.

АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Линда Томас Гринфилд Ресейді әскери қозғалыстан бөлек кибер шабуылдар және кейбір топтарды қаруландыру әрекетіне қоса жалған ақпарат тарату науқандарын жүргізумен айыптады.

«Ресейдің Украинаға қарсы әрекеттерінің тек аймақтық емес» екенін және «Украинаға төнген қауіптің Украина мәселесінен әлдеқайда үлкен екенін» атап көрсеткен Томас Гринфилд басқыншылықтың «Пандораның жәшігін ашатынын» ескертті.

Сондай-ақ Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ-тың Украинадағы дипломатиялық қызметкерлердің отбасыларынан елден кетуін талап еткенін, Украинаға саяхаттау ескертуін ең жоғары деңгейге көтергенін еске сала отырып «Қазір бізде бұл жерден эвакуациялау жоспары жоқ. Дегенмен, біз АҚШ азаматтарына бұл елден кетуін ескертіп жатырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар