АҚШ-тан Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі жәрдемі

АҚШ-тың Украинадағы елшілігі жәрдемдер туралы мәлімдеме жасады.

1766815
АҚШ-тан Украинаға қару-жарақ пен оқ-дәрі жәрдемі

АҚШ Украинаға 90 тонна қару-жарақ пен оқ-дәрі жіберді.

АҚШ-тың Украинадағы елшілігі жасаған мәлімдемеде қару-жарақ тиелген ұшақтың Борисполь әуежайына жеткені білдірілді.

Мәлімдемеде «Украинаның алдыңғы шебіндегі қорғаушыларына жіберген бұл көмек АҚШ-тың Украинаның өзін-өзі қорғаудың егемендік құқығына деген берік ұстанымын көрсетеді» делінді.

АҚШ-тың өткен жылы Украинаға 650 миллион доллардан астам қауіпсіздік мақсатында жәрдем жібергені, 2014 жылдан бері жасалған көмектің 2,7 миллиард доллардан асқаны білдірілген мәлімдемеде «АҚШ Украина Қарулы Күштеріне қолдау көрсету үшін мұндай жәрдемдерді қамтамасыз етуді жалғастырады, елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын Ресейдің шабуылдаушы ұстанымына қарсы қорғанысын қолдайтын болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар