Әлемдегі ең үлкен мұзтау еріп кетті

Ол үш жарым жылда  еріп кетті.

1766341
Әлемдегі ең үлкен мұзтау еріп кетті

Әлемдегі ең үлкен мұзтау А68 енді жоқ.

Мұзтау 2017 жылы Антарктидадан үзілген кезде шамамен 6000 шаршы километр аумақты қамтитын еді. Ол үш жарым жылда  еріп кетті.

Лидс университетінің ғалымдары мұзтаудан еріген шамамен 1 триллион тонна мұздың экожүйеге ұзаққа созылатын және байқалатын әсері болатынын ескертті. Мамандардың айтуынша, еріген мұз массасынан бөлінген тұщы су мұхиттағы су ағындарының тепе-теңдігін өзгертуі мүмкін. Бұл мұхиттарда биологиялық өзгерістерге әкеліп соғады.


Этикеттер: #тұщы су , #мұзтау , #A68

Ұқсас жаңалықтар