Энтони Блинкен Лавровпен кездесуден кейін мәлімдеді

Энтони Блинкен мен Сергей Лавровтың Украина дағдарысын талқылаған кездесуі Швейцарияның Женева қаласында өтті.

1766544
Энтони Блинкен Лавровпен кездесуден кейін мәлімдеді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Уркаина шекарасындағы әскерлерін шегіндіруі керектігін айтты.

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен  Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Украина дағдарысын талқылайтын кездесуі Швейцарияның Женева қаласында өтті.

Кездесуден кейін мәлімдеме жасаған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен:

"Лавровппен кездесуіміз келіссөз емес, шынайы бір бас қосу ғана.  Біздің нысанамыз  Ресейдің дипломатияны қалап-қаламайтынын түсіну.  Ресейдің алдында екі жол бар. Дипломатияны таңдау немесе қақтығысты талғау. Украинаға шабуыл жасалса, Ресейге джереу жауап берілетінін жеткіздік. Украинада шауыл артса, қарымжысы ауыр болмақ. Келесі қадамдар Ресейдің тұғырына байланысты. Ресей шабуыл жасай қалса, Украинаның қасында боламыз" деді.

Энтони Блинкен Ресейдің Уркаина шекарасындағы әскерлерін шегіндіруі керектігін де білдірді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров:

"Америкалық әріптесіміз Ресей мен Украина арасындағы шекара мәселесін басты орынға шығаруға және барлық істі ауыз жүзіндегі дағдарысты төмендету керектімен шарттандыруға талпынды. Бұл бір сиқырға айналды. Алайда кездесуді келер апта ұсынысымызға жазбаша жауап берілуі жөнінде аяқтадық" деді.

Сергей Лавров:

"Украинаға шабуыл жасау ниетінде екенімізді пайымдаудасыз. Жағдайдың бұлай еместігін көп  әрте айттық" деді.

Украина халқына құқай көрсетпегендерін айтқан Лавров:

"Батыстық әріптестеріміздің қазіргі ниеті Украинаны Донбаста күш қолдануға айтақтау болмаса да, кемінде Киев режимінің Минск келісімін бұзуға бағытталған бейнесін жасыру" деді.

Лавров АҚШ-ты Украинаны Минск келісімін атқару тақырыбында әсер жасауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар