Еуропа елдері Израильге ескерту жасады

Еуропалық Одаққа мүше төрт ел Израильді Шығыс Иерусалимдегі қоныстану саясатынан бас тартуға шақырды.

1766338
Еуропа елдері Израильге ескерту жасады

Израильдің басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимдегі заңсыз істері Еуропаның да күн тәртібінде.

Еуропалық Одаққа мүше төрт елдің сыртқы істер министрлері Израильге Шығыс Иерусалимдегі қоныстану саясатынан бас тартуға шақырды. Германия, Франция, Испания және Италия сыртқы істер министрлері бірігіп мәлімдеме жариялады. Иерусалимнің шығысында салынып жатқан заңсыз қоныстардың екі мемлекетті шешімнің алдына кедергі болатыны атап көрсетілді.

Мысыр Сыртқы істер министрлігі де Израильдің палестиналық отбасыларды үйлерінен көшіріп жіберуінің адам құқықтарын бұзушылық екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар