АҚШ-тың Балтық елдеріндегі қаруларын Украинаға жіберуі мүмкін

Американдық Wall Street Journal газеті тақырыппен байланысты хабар жариялады.

1766205
АҚШ-тың Балтық елдеріндегі қаруларын Украинаға жіберуі мүмкін

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) әкімшілігінің Латвия, Литва және Эстонияға қолдарындағы АҚШ өнімі қаруларды қолдау мақсатты Украинаға жіберуге рұқсат бергені атап көрсетілді.

Ресейдің Украина шекарасына жақын аймақтарға әскери күштерін жинауының артынан Ресей армиясының Украинаға басып кіретіні уайымдары күшейгенде, АҚШ әкімшілігі жаңа бір қадам басты.

Американдық Wall Street Journal газетінің бір лауазымдыға сілтеме жасаған хабарында АҚШ-тың НАТО-ның Балтық аймағы мүше елдері Латвия, Литва және Эстонияның Украина армиясын қолдау үшін танкке қарсы Javelin және Stinger зениттік зымырандарын жіберуге рұқсат бергені болжалды.

Газетке ақпарат берген лауазымды  Джо Байден әкімшілігінің Украинаға Ми-17 көлік тікұшақтарын сатуға рұқсаты жөнінде Конгреске мағлұмат берілгенін атап көрсетті.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) мен Сыртқы істер министрлігі бұл мәселелер бойынша мәлімдеме жасаудан бас тартты.

Аймақтағы шиеленіс ушығып жатқанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Киевке барып, Украинаға қолдауын қайталаған болатын.

АҚШ әкімшілігі Ресей Украинаға басып кірген жағдайда өте ауыр санкциялар іске қосылатынын ескертті.



Ұқсас жаңалықтар