Владимир Зеленский Энтони Блинкенмен Киевте кездесті

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда сөйлесіп, одақтың қолдауын жеткізді.

1765318
Владимир Зеленский Энтони Блинкенмен Киевте кездесті
stoltenberg.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен Киевте бас қосты.

Владимир Зеленский Твиттерден жасаған мәлімдемесінде Энтони Блинкеннің елінің төңірегіндегі дағдарысты бәсеңдетуге байланысты талпыныстарына ризалығын жеткізді.

АҚШ-тың саяси және қауіпсіздік қолдауына борышты екенін айтқан Зеленский Украина қатыспаған бір Уркаина шешімі жасалмайтынына сенетінін білдірді.

Сонымен бірге НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда сөйлесіп, одақтың қолдауын жеткізді.

Йенс Столтенберг Зеленскиймен телефонда сөйлескені жайлы әлеуметтік желіден мәлімдеді.  

Зеленскийге "Ресейдің құқай көрсетуіне қарсы Украинаға НАТО-ның күшті қолдау беретінін жеткізгенін" айтқан Столтенберг НАТО одақтастарының Ресейді дағдарысты дереу шешуге шақырғанын білдірді.

Йенс Столтенберг:

"Ресеймен диалогты қайта бастауға дайынбыз, алайда негізгі ережелерден бас тартпаймыз" деп көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар