Украина Түркияның ұсынысына оң жауап қайтарды

Украина Ердоғанның Путин мен Зеленскийді Түркияға шақыруын "жақсы ұсыныс" деп бағалады.

1765560
Украина Түркияның ұсынысына оң жауап қайтарды

Украина президенті кеңсесінің төраға орынбасары Михай Подоляк президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленскийді Түркияға шақыруының «жақсы ойластырылған және әлеуетті» ұсыныс екенін айтты.

Михай Подоляк «РБК Украина» телеарнасына берген сұхбатында президент Ердоғанның аймақтағы жағдайды жақсы түсінетінін атап көрсетті.

Ердоғанның украиндар мен орыстардың уәжін жақсы білетініне назар аударған Подоляк бұл ұсыныстың «күмәнсіз жақсы ойластырылған және әлеуеті бар» екенін айтты.

Ресей Президенттік сарайы Кремльдің мәлімдемешісі Дмитрий Песков болса Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді шешу үшін президент Ердоғанның Түркияға шақыруын «ризашылықпен қарсы алғанын» мәлімдеген болатын.

Президенттік баспасөз хатшысы Елші Ибрахим Калын президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағы мәселелерді шешу үшін Ресей президенті Владимир Путинмен де, Украина президенті Владимир Зеленскиймен де сөйлескенін атап «Тіпті, екеуін де Түркияға келіп, араларындағы мәселелер мен келіспеушіліктерді шешу үшін кездесу өткізуге шақырды. Түркия Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын. Мұны әрі Ресей, әрі Украинаның досы болып, бір НАТО одақтасы ретінде де жасаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар